Жаңалықтар

Астанада әскери бөлімнің жас сарбаздары ант қабылдады

Астанада әскери бөлімнің жас сарбаздары ант қабылдады
Фото: Қорғаныс министрлігі 18.05.2024 18:45 762

«Отан қорғаушылар» алаңында 68665 әскери бөліміне биыл көктемде шақырылған жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскерге шақырылған 165 бозбала бір ай ішінде жас жауынгер курсынан өтіп, саптық және атыс дайындықтарының негізін игерді. Алғашқы атыс жаттығуларын орындап, жарғыларды, әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. Әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысты.

Бас штаб бастығы – Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Мереке Көшекбаев жас Отан қорғаушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. 

Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы әрі бұл борыш қатардағы жауынгерден генералға дейін тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен тұтастығын қорғауға дайын болуға міндеттейді. Сіздердің мерзімді қызметті абыроймен атқарып, туыстарыңыз бен жақындарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспін, – деді генерал-майор Мереке Көшекбаев.

68665 әскери бөлімінің жауынгерлері жиналғандарға қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен қару-жарақпен дефиле көрсетті. Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық ұжымының күшімен концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.

Салтанатты бөлімнен кейін қолбасшылық сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға