Жаңалықтар

Елордада ашық аспан астында йога сабағы өтті

Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әр түрлі жастағы қала тұрғындары мен қонақтары қатысты
Елордада ашық аспан астында йога сабағы өтті
Фото: gov.kz 26.09.2022 12:00 1520

Астанада ашық аспан астында өткен йога сабағына 250-ден аса адам қатысты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Елордада Республикалық «Қолжетімді спорт» жобасының ұйымдастыруымен ашық аспан астында йога сабағы өтті. Іс-шара барысын кәсіби мамандар – Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева жүргізді.

«Ежелгі йога білімі арқылы халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және рухани сауықтыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Триатлон саябағында алғаш рет, тегін түрде йога сабағын өткізіп отырмыз. Жексенбілік жаппай сабаққа 250-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысуда. Өз ісінің шеберлері қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі түрде йогамен дұрыс айналысудың тәсілдерін көрсетуде», – дейді қолжетімді спорт жобасының жетекшісі Дана Тасболат.

Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әр түрлі жастағы қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ерекше форматта өткен шараға ниет білдіргендердің қатары аз болмады.

Сонымен қатар, спорттық шара қатысушылары арасында ұйымдастырушылар жоба серіктестерінен сыйлықтар мен ұтыс ойынын өткізді. Шараның бас жүлдесі Түркияның «LSA» компаниясының жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшыларынан бір аптаға Анталияға екі адамға жолдама ойнатылды.

Сабақтың қатысушысы астаналық Дарын Солтанғазинге Аланияға екі адамдық жолдама бұйырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға