©El.kz/Артем Чурсинов

Астанада Арыс көпірі ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осыған байланысты 5-15 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.

Қалалық әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және ықтимал өзгерістерді ескеруге кеңес береді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.