Астанада Арқар көпірі уақытша жабылады
09.05.2025 15:40
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты, 10-20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

