Жаңалықтар

Астанада ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 264 млн теңгеден астам төлем берілді

Астанада ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 264 млн теңгеден астам төлем берілді
Фото: Астана әкімдігінің сайты 05.05.2023 13:16 1477

Астанада Жеңіс күніне орай 3 671 адам біржолғы төлем алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, олардың қатарында соғыс ардагерлері, өзге мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдар, тыл еңбеккерлері және т.б. бар.

Бүгінде елордада ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан 10 ардагер тұрады. Жеңіс күніне олардың әрқайсысына біржолғы төлем ретінде 1,5 млн теңге қарастырылды.Соғыс ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады, - делінген мәліметте.

Өзге мемлекеттердің аумағында болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада 899 адам бар.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға орай 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Осылайша Жеңіс күніне орай 3 671 адам жалпы сомасы 264,4 млн теңге болатын біржолғы төлем алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға