Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада «Aqyl Battle CUP» зияткерлік сайысының финалы өтті

Астанада «Aqyl Battle CUP» еліміздегі танымал зияткерлік сайысының финалы аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен зияткерлік сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысқан. Іс-шара «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жоба мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашуды көздейді. 

Еліміздің аймақтарынан іріктеу кезеңдерінде 1500-ден астам адам қатысты. Ақтық кезеңге үздік 20 команда жолдама алды. Қытай, Өзбекстан, Моңғолия құрама командалары басты қарсылас болды.

Сайыс нәтижесінде Солтүстік Қазақстаннан келген «Qyzyljar» командасы бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ жүлделі орындарды Астана қаласы мен Абай облысының білімді жастары еншіледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 600 000 теңгені құрайды.