Астанада ӘМАТ баға индексі 0,3%-ға төмендеді
Астанада өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,7% құрады. Рожки (-7,6%), қарақұмық (-2,1%), күріш (-1,3%), қырыққабат (-0,7%), қант (-0,5%) және сүзбе (-0,3%) сияқты тауарлар бағасы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СИМ мәліметінше, көктемгі-күзгі кезеңде көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Павлодар (ТОО «КазПромАгро», ТОО «Arthur&Company») және Түркістан облысындағы шаруалармен (КХ «Нурбек») 14 мың тонна көкөніс жеткізу туралы форвардтық келісімшарттар жасалды.
Ұлттық статистикасы бюросының мәліметтері бойынша, Астанада кейбір көкөністердің бағасы басқа өңірлермен салыстырғанда арзан.
Сондай-ақ 100 тонна сары май және 528 тонна ұн жеткізу туралы келісімшарттар жасалды, олар қаладағы сауда орындарында бекітілген бағамен сатылуда. Бұл шаралар нарықтағы бағаның өсуін бақылау және халықтың қажетті тауарларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған, - делінген мәліметте.
Баға саясатын және заңнаманы сақтау үшін қаладағы сауда департаменті жергілікті әкімдікпен бірлесіп тұрақты мониторинг жүргізуде.