19 Қыркүйек, 17:27

Астанада алтын нашивкамен жазылған кимономен әлем чемпионы болғым келеді

«Жанкүйер» подкастына бұл жолы Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек, жеке бапкері Айдын Анапин және Паралимпиадалық спорт бөлімінің басшысы Батыр Қадырбайұлы келді. Ақмарал Париждегі тарихи жеңісі, алдағы жоспары, отбасының қолдауы және басқа да қызықты тақырыптар жөнінде әңгіме өрбітті. Ақмарал – ел тарихында паралимпиада ойындарында алтын алған үшінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін 2016 жылы Риода жүзуден Зүлфия Ғабидуллина және пауэрлифтингтен Давид Дегтярев (Токио-2020, Париж-2024) чемпион атанған.

Бөлісу: