Астанада алты жаңа бағыт іске қосылады
Елорда тұрғындарының өтініш бойынша биыл 6 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, онда салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар жоқ немесе жетіспейтін проблемалы учаскелерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 95 автобус жіберілетін болады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, қозғалыс сызбалары қазір Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында және «CTS» ЖШС компаниясында қарастырылып жатыр.
Қала маңындағы маршруттар да назардан тыс қалмайды, өйткені қала маңындағы тұрғындардың көпшілігі елордада жұмыс істейді және оқиды. Жаңа қалалық үлгідегі автобустарды сатып алу кезінде қалалық маршруттардан 40-қа жуық қала маңындағы орындалатын автобустар босатылады, олар қолданыстағы қала маңындағы маршруттарға қосылатын болады, - деді «№1 автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда автопаркте автобус жүргізушілерінің тапшылығы бар екенін ерекше атап өтті. Қызметкерлерді бос орындарға қабылдау үнемі жүргізіледі.
Әрине, қоғамдық көлік жүргізушісіне ерекше талаптар қойылады, дегенмен осы алаң арқылы бізге тәжірибелі жүргізушілердің қажет екенін айтқым келеді, - деп түсіндірді Шақаев.