Жаңалықтар

Астанада алты көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада алты көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.06.2023 23:13 766

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, бірнеше көшеде жөндеу жұмысы басталғаны туралы мәлім етті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Мәселен, Жеңіс даңғылында орташа жөндеу жүргізуге байланысты 10-12 маусым аралығында С.Сейфуллин - Жеңіс және Ә.Жангелдин - Жеңіс көшелерінің қиылыстарында көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Осы жылдың 11-20 маусымы аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 10-20 маусым аралығында Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскесінде қозғалыс ішінара жабылды.

Сонымен қатар, осы жылдың 10-12 маусымы аралығында Саргүл көшесінен Современников көшесіне дейін және В.Высоцкий көшесінен Г.Әлиев көшесіне дейінгі учаскелерде Тоқпанов көшесі бойынша қозғалыс ішінара тоқтатылды.

Біржан сал көшесінде орташа жөндеуге байланысты 10-13 маусым аралығында І.Есенберлин көшесінен В.Гете көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сондай-ақ, А.Бараев көшесіндегі көлік туннелінде жөндеу жұмысы басталды.

Осыған байланысты 10-12 маусым аралығында аталған учаскедегі қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға