Жаңалықтар

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

№139 сайлау учаскесі «Астана» концерт залында 2522 сайлаушы тіркелген
Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде
Фото: El.kz 20.11.2022 07:18 3265

20 қараша – сайлау күні. Осыған байланысты сайлау учаскелері таңертеңнен ерте ашылып, өз жұмысына кірісе бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз «Астана» концерт залындағы сайлау учаскесіне бардық.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

№139 сайлау учаскесі «Астана» концерт залында 2522 сайлаушы тіркелген. Басқа қаладан келгендер саны 5, үйден 2 адам дауыс береді.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

Сайлау комиссиясының төрайымы Альмира Мұратбекова сайлау басталмас бұрын тексеріс жұмысын жүргізді. Төрайым учаскенің сайлауды өткізуге толықтай дайын екендігін, алғаш рет дауыс беретін сайлаушыларға сыйлық ұсынатынын айтып жеткізді.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

«№139 сайлау учаскесі сайлауға толығымен дайын. Алғаш болып дауыс берген 10 адамға сыйлық беріледі. Бірінші рет сайлауға қатысқалы отырған дауыс берушілерге де сыйлық дайындап қойдық», - деді Альмира Кеңесовқызы.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

Сейфтен бюллетеньдер шығарылып, саналды. Комиссия мүшелерінің біріне 447, қалғанына 300 бюллетень таратылды.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс берудеСағат 07:00 бола салысымен алғашқы сайлаушылар өз дауысын берді.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс берудеБірінші болып дауыс берген сайлаушылар сайлаудың маңызы зор дейді.

«Ерте тұрып үйреніп қалғандықтан, бірден сайлау учаскесіне дауыс беруге келейік деп шештік. Жаңа Қазақстаннан жақсы өзгерістерді күтеміз», - дейді дауыс беруші Боран Уалиев.

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруде«Еліміз көркендеуі үшін әр қазақстандықтың дауысы маңызды деп есептеймін. Болашағымыз жарқын болады деп сенемін», - дейді сайлаушы Сәкен Рахимова.

Осылайша дауыс беруге келген сайлаушылар елімізге жаңа басшыны тағайындаудың халық үшін қаншалықты жауапкершілігі мол іс екенін көрсеткендей болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға