Жаңалықтар

Астанада алғаш рет «Birgemiz: areket yaqyty» жобасының тұсаукесері өтті

Астанада алғаш рет «Birgemiz: areket yaqyty» жобасының тұсаукесері өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 11.07.2024 22:29 464

Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, аталған іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған.

«Birgemiz: areket yaqyty» шеңберінде ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген.

Конференция жұмысына министрліктің Азаматтық қоғам істері комитеті, ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар мен белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты. 

Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіді. Елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға