Астана әкімдігінің ресми сайты

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ел біріншілігі өтеді

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.

Ел біріншілігі 27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында өтеді.

Айта кетсек, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі болып саналады. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысты.