Жаңалықтар

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 08.10.2024 15:17 346

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, оған ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің делегаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысты сұрақтарды талқылады және алдағы VIII съездің күн тәртібін белгіледі.

Хатшылық отырысында қатысушылар бейбітшілікті сақтап, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызды екеніне тоқталды.

Отырыс нәтижесінде Ізгі ниет елшілері сайланып, дін өкілдерін құрметті медальдармен марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, съезді дамыту тұжырымдамасы аясындағы тағы бір маңызды бастама – 9 қазанда Астанада өтетін Жас діни лидерлер форумы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға