Грек-рим күресінің шебері, грузиялық танымал балуан Нугзари Цурцумия өлі табылды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, оның денесі 3 шілде күні Хоби қаласындағы үйінен анықталған. Ақпаратты Грузияның ұлттық күрес федерациясы растады.
Қаралы хабар жетті. Бүгін Нугзар Цурцумияның қайтыс болғанын білдік. Оның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде, - делінген мәліметте.
Sportball24.com сайтының мәліметінше, грузиялық балуан суицид жасаған. Соңғы жарты жылда ол әкесінен, бауырынан және анасынан айырылған.
Естеріңізде болса, 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Нугзари Цурцумия 55 келі салмақ дәрежесінде топ жарған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

