Жаңалықтар

Астанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті

Астанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті
Фото: pixabay.com 11.10.2024 16:40 537

Астанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен азаматшаны ұстады. Ол қала тұрғындарының ақшасын алдап иемденген 21 жастағы қыз болып шықты. Анықталғандай, алаяқ әлеуметтік желілерде ақша ұтысы туралы  хабарландырулар жариялаған. Алайда, ұтқан ақшаны алу үшін адамдар сол сомадан 10-20 пайыз көлемінде қаражат төлеуі қажет болған. Жергілікті тұрғындар көрсетілген нөмірлерге ақша жібергеннен кейін, алаяқ оларды бұғаттап тастаған. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас 10 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды. Полиция азаматтарды түрлі тақырыптағы конкурстар, сауалнамалар және дауыс берулер түрінде таратылатын күмәнді сілтемелерге өтпеуді және жеке деректерін енгізбеуді сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға