Астанада әкімшілік ғимараты өртенді
22.09.2024 16:35
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI
Астанада Нұра ауданындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде өрт шықты. Оқиға Құсни Қорлан көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нақтыланған ақпарат бойынша ғимараттың үшінші қабатында жиһаз өртенген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды оқшаулады. Өрт аумағы - 5 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

