Астанада әкелер кеңесі құрылды
26.02.2024 20:51
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласы бойынша елу бір білім беру ұйымында «Даналық жобасы» аясында «Әкелер кеңесі» құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеңесті құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру. Сондай-ақ тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
Осы мақсат аясында қаладағы барлық «Әкелер кеңесі», «Қар десанты» челенджін өткізу қолға алынып, эстафета бір-біріне жолданып келеді.
Бүгінгі таңда олардың барлығы балалары білім алып жатқан мектеп ғимаратының қарын күреп, игілікті іс-шараға бір кісідей қатысып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

