Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада Абылай хан даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, осыған байланысты, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.