Астанада А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
21.09.2024 11:37
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін мәлімдейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 21-22 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп қосты қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

