Жаңалықтар

Астанада 900-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды

Астанада 900-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды
Фото: gov.kz 08.12.2022 21:00 1326

Елорданы қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар "Астана - жайлы қала" мастер-жоспары аясында жүргізілді. Астанада қала тұрғындары мен қонақтар бос уақытын жайлы әрі денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын жаңа тартымды орындар ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы жылдары елордада 900-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды: көпір асты кеңістіктер, "Театр" бульвары ("Жастар" сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейін), "Demalys promenade", құтқарушылардың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған гүлзарлар, көше спорты колизейі ашылды.

Мәселен биыл қалада Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, "Встреча" СҮ жанындағы қоғамдық кеңістік, "Бейбітшілік және келісім" саябағы, қалалық алаң, желекжолдар және салынды).

Абаттандыру кезінде елді мекендерге ерекше назар аударылады. Елді мекендердің өзінде 300-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, Көктал аумағында 16 гектарды алып жатқан саябақ салынды.

Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өз қалауы бойынша серуен құра алады: баскетбол/футбол алаңдары, workout-аймақтар, тыныш күйде демалуға арналған аймақтар, әткеншектер, сол сияқты шығармашылық талантын паш етуге арналған сахналар, коньки-аймақтар.

2023 жылы Үркер (Ильинка), Телман елді мекендеріндегі, Ш.Айтматов көшесіндегі, Ж.Тәшенов және Т.Хусейн көшелерінің қиылысындағы, Абай даңғылында гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр. Сол сияқты Күйші Дина көшесінен Мұстафин көшесіне дейін, Жүргенов көшесі, 28/1, Қошқарбаев көшесі, 45, Қордай және Тайқазан көшелерінің қиылысында, К.Әзірбаев көшесі, 10-14 және т.б. Абылайхан даңғылының бойында саябақтар (гүлзарлар, желекжолдар) болады.

Сонымен қатар, Кіші Талдыкөлде экопарк салынады. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға