©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3

Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына күн бермей жүргендері рас па?

11.09.2024 10:19

Әлеуметтік желіде астаналық мектеп-гимназиялардың бірінде жаппай ұрып-соғу фактісі тіркелген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеодағы бірнеше жасөспірім оқушы құрдастарын мазақ еткен. Куәгерлердің айтуынша, 15 жасөспірім тұрақты негізде өз қатарластарын ұрып-соғып, қорқытып-үркітумен айналысады екен. 

Бұл жайтқа қатысты Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Аталған факті бойынша оқиғаның барлық қатысушысы – 9-сынып оқушылары анықталды. Олардан ата-аналарының қатысуымен сұрақ-жауап алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген ресми хабарламада.

Соның нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.