9 Мамыр 2025, 15:30

Астанада 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қалай тойланды?

Астана қаласы мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Оның басты мақсаты – соғыс ерлігін жас ұрпаққа жеткізу, жауынгерлік дәстүрді жалғастыру және бейбітшілік, халықтар достығы мен өзара көмектің құндылығын насихаттау.