Астанада 8 маусым күні түнгі бағдардағы автобустар іске қосылады
07.06.2024 23:52
Фото:
El.kz / Нүркен Алишев
Астанада 8 маусымда қоғамдық көліктің № 201, 202, 203 түнгі бағдарлары іске қосылады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бағдарлар жұмысы маусымның 8-інен 9-ына ауысқан түні, сағат 00:00 басталады.
Бағдарлар келесідей хабарламамен жүреді:
№201 бағдар: Теміржол вокзалы – Пригородный тұрғын алабы;
№202 бағдар: Отау шағын ауданы – Жағалау;
№203 бағдар: Көктал-1 тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.
Қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады. Бағдарлар қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады.
Бағдарлар түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

