Жаңалықтар

Астанада 8 келіден астам гашиш тәркіленді

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Астанада 8 келіден астам гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz 23.01.2023 17:26 1019

Ақмола полицейлері Астанада арнайы операция барысында 8 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

20 қаңтарда жоспарланған арнайы операция барысында Көкшетау қаласы ПБ және Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін 49 жастағы елордалық тұрғынды ұстады.

– Өткен жылы облыс орталығының аумағында жедел уәкілдер гашиш есірткі затын сатушыларды ұстауды жүзеге асырды, одан әрі тексеріс барысында Ақмола облысының аумағына есірткінің негізгі жеткізушісі, Астана қаласының тұрғыны анықталды. Ол 2022 жылдың желтоқсанында шартты сатып алу кезінде 15 грамнан астам гашиш сатты. Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Виталий Гудыменко.

Тергеу аясында жәбірленушінің тұрақты жұмыс орны болмағандықтан, заңсыз есірткі бизнесін ұйымдастырып, Көкшетау қаласының аумағына гашиш есірткі құралын жеткізу арнасын жолға қойғаны анықталды. Ұсталған адам жатақхананың жалға алған бөлмесін санкцияланған тінту барысында гашиштің екі орамасы, жалпы салмағы 8 келі 359 грамнан асатын ұқсас затты, оралған 6 байлам табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар күдіктінің костюмінің ішкі қалтасынан 450 мың теңге табылды. Тергеу кезеңінде астаналық қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға