Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады
05.05.2025 09:22
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.
Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.
Әрбір үзінді - әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға, – дейді ұйымдастырушылар.
Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

