Астанада 40 млн берешегі бар жүргізуші анықталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
26.02.2024 14:32
673
Елорада миллиондаған берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты.
«Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған. Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.
Жүргізушіге ескерту жасалып, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.
Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті