Жаңалықтар

Астанада 320 жаңа автобус жүреді

Астанада 320 жаңа автобус жүреді
Фото: © El.kz 26.07.2023 11:48 1620

Қазіргі таңда Астанада 38 қалалық маршрут және 28 қала маңындағы маршрут қызмет көрсетеді. Олардың саны 700-ге жуық. Бұл туралы «№1 Автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кәсіпорында жоғары өндірістік көрсеткіш пен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған, білікті кадрлар жеткілікті. Қазіргі таңда кәсіпорында 1400-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Оның 1013-і жүргізуші, - деді басқарма төрағасы.

Оқи отырыңыз:

Бүгінде елорданың кеңеюі мен халық санының артуына байланысты 400 автобус тапшылығы байқалған. Соңғы 4 жыл ішінде автопаркке жаңа автобустар алынбаған.

Автобустардың орташа мерзімі 6-9 жылды құрайды. Астана қаласының тасымалдау ережесі бойынша автобустардың қолданылу мерзімі 14 жылдан аспауы қажет. Осыған байланысты маршруттарды жаңғырту шеңберінде биыл «№1 Автобус паркі» жаңа 320 автобусты алуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы 100 автобус сатып алынбақ, - деді Медет Шақаев.

Жаңа 320 автобус қалаға келген соң «№1 Автобус паркі» тасымалдайтын барлық маршруттарға қосымша автобустар қосылады. Ең алдымен 4, 5, 8, 32, 54, 71, 73 маршруттары Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алаптары, 24, 30 маршруттары Өндіріс тұрғын алабы, 35, 36, 45 маршруттары Үркер шағын ауданы, 7, 9, 17, 29, 44, 61 маршруттары Жағалау шағын ауданы, 1 және 6 маршруттары Кірпіш тұрғын алабы автобустарының 10-20 минут аралығы 8-10 минутқа дейін қысқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға