Астанада 3 жасар бала төртінші қабат терезесінен құлап түсті
26.07.2024 02:20
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада 3 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше 25 шілдеде болған. Балабақша жасындағы ұл бала түрлі дене жарақаттарын алған. Ол дереу ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және оларды ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеуді ескертеді.

