Жаңалықтар

Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді

Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді
Фото: ©pixabay.com 18.06.2024 16:02 390

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде елордадағы балабақшалар жұмыс істемейтін болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы елордалық білім басқармасы мәлімдеді.

Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұған дейін Ақорда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесі талқыланатынын мәлімдеген еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға