Жаңалықтар

Астанада 236 мыңнан астам кәсіпкер салық төлейді

Астанада 236 мыңнан астам кәсіпкер салық төлейді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 22.07.2024 20:47 499

Биылғы 1 қаңтардан бастап Астанада тіркелген 236 мыңнан астам кәсіпкер мен олардың жұбайларында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Оның ішінде 70 597 декларация тапсырса, 165 404 жеке тұлға әлі төлемеген. 

Осы кезеңде активтерді декларациялау жөніндегі міндеттеме заңды тұлғалардың басшыларында, құрылтайшыларында (қатысушыларында), дара кәсіпкерлерде және олардың жұбайларында, оның ішінде әрекетсіз салық төлеушілерде және қызметін тоқтатқандарда туындайды.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы декларация (120 681 ЖТ) табыс етті, оның ішінде 3 246 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға