Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді

Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
 
Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.
 
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.
Қорытынды дауыс беру нәтижесінде Қазақстан 54,68 % дауыс жинаса, Францияға тиесілі үлес 45,32 % болды.
 
Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайтын болады.