Жаңалықтар

Астанада 2 600-ден астам маңдайша мен жарнамалық баннер алынып тасталды

Астанада 2 600-ден астам маңдайша мен жарнамалық баннер алынып тасталды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 09.08.2023 22:25 1166

Елордада қаланың жалпы келбетін 2019 жылы бекітілген дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр. Күн сайын аудандарда кәсіпкерлер арасында түсініктемелер жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, жыл басынан бері Астананың бес ауданында қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін 2 600-ден астам жарнамалық маңдайша мен баннер алынып тасталды.

Әкімдіктердің қызметкерлері заңсыз және тиісті емес жарнамаларды, оның ішінде баннерлерді, маңдайшаларды және дөңгелектердегі жарнамаларды түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырады.

Кәсіпкерлермен сұхбат жүргізіледі, маңдайшаларды дизайн-кодқа сәйкес келтіру туралы хабарламалар беріледі.

Бір апта ішінде әкімдік қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін мыңға жуық заңсыз ілінген баннер мен маңдайша алынып тасталды.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында қала мәслихаты дизайн-кодты бекітті. Алайда пандемия басталғаннан кейін жұмыс кейінге қалдырылды. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбеттеріне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді.

Онда бизнес өкілдеріне елорданың архитектуралық келбетін бір стильде жүзеге асырудың үлгісі көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға