Жаңалықтар

Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді

Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 02.07.2024 10:44 418

4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарларының сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін.

Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізіледі.

Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz Instagram аккаунтындағы Taplink-тен қарауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға