Астанада 14 қабатты тұрғын үйде өрт шықты
05.02.2025 00:08
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада 14 қабатты тұрғын үйдің он бірінші қабатындағы пәтер өртенді. Оқиға Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенге дейін 11 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.
Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Төтеншеліктердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалын өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Нақтыланған мәліметтер бойынша пәтердегі 30 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар жанған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

