Астанада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл абаттандыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елордамыз жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді. Бұрын бос жатқан аумақтар мен күтімсіз жерлер бүгінде біртіндеп «жасыл мекенге» айналып келеді. Биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек (көшет, бұта, ағаш) отырғызамыз. Оның ішінде елорданың жасыл белдеуі де бар. Біз саябақтар мен қоғамдық орындарды ғана емес, сол сияқты тұрғын үйлерді, аулаларды, көрікті жерлерді, әлеуметтік нысандарды ауқымды абаттандырып жатырмыз, - деп жазды елорда әкімі.
Қала әкімі «ҚазМұнайГаз» гүлзарында ағаш отырғызу іс-шарасына қатысқанын атады.
Ашық аспан астында ғарыш музейінің жанындағы бұл аумақ біртіндеп жайлы әрі жасыл алаңға айналып келеді. Биыл 170 аула мен қоғамдық орынды (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырдық. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын қамтиды», - деді Жеңіс Қасымбек.

