Жаңалықтар

Астана наны (фоторепортаж)

Астаналық нан-тоқаш өнімдері туралы фоторепортаж.
02.03.2015 14:23 13255

Астаналық нан туралы айтқанда, кімге қалай екенін білмеймін, менің есіме «Керуен» сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан «Галмарт» әмбебап дүкеніндегі сарымсақтың иісі бұрқыраған нан мен ірімшік қосылған күлше нан түседі. Жұмыстан үйге барар жолда міндетті түрде осы дүкеннен нан алып кету әдетке айналған еді, бұл жолы өзіммен бірге фотоаппарат болған соң мүмкіндікті пайдала отырып бірнеше суреттер жасадым. Сонымен...

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Нан-тоқаш өнімдері супермаркеттің түпкі жағында орналасқан. Сол жолда «Қазақстанда жасалған» деген логотип жапсырылған сөрелер көзге оттай басылды. Дүкен қызметкерінің айтуынша, Отандық тауарлардың танымалдығы аз болғандықтан, тұрғындардың көбі дүкеннен сатып алатын өнімнің Қазақстанда жасалғандығын білмейді. Сондықтан, сауда орталығының басшылығы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдап, Қазақстанда жасалған барлық өнімдерді мемлекет бекіткен логотиппен ерекшелеп қойған. Қуантарлық жағдай. 

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Айта кету керек, биыл 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. 

Астана наны (фоторепортаж)Астана наны (фоторепортаж)

Қуанышыма орай, дәл сол күні галмартта нан-тоқаш өнімдерінің дегустациясы өтіп жатты. 

Астана наны (фоторепортаж)

Адам санының көптігінен кезекке тұруға тура келді.

Астана наны (фоторепортаж)

Сатып алушылардың айтуынша, бұл жерден кез келген адам өзіне ұнамды нан түрін таба алады және олар күн сайын жаңартылып тұрады екен. Байқауымша, клиенттер астаналық нанның сапасына дән риза, тек бағасы қымбаттау.

Астана наны (фоторепортаж)

Кезек маған жеткенде, сатушы қыздан бұл жердегі нан өнімдері қалай пісіріледі және олардың өзара айырмашылықтары туралы мағлұмат беруді сұрадым.

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Айгерім Қалдарбекова, сауда орталығының наубайшысы:

- Біздің ассортиментте 200 шақты нан түрі бар. Олардың барлығын бір күнде пісіру мүмкін емес, сондықтан әр қайсысының белгілі күндері бар. Мына жерден сіз үй нанын, халық нан, дәнді нан, сырамен ашытылған алма қосылнан нан, орман жаңғағы мен қара өрік қосылған нан, айранмен ашытылған нан және француз багетін көріп тұрсыз. Айранмен ашытылған батонда балалар ағзасына қажетті кальций бар, дәнді нанның құрамында пайдалы дәрумендер көп. Біздің ұжымның негізгі концепциясы нан әрі дәмді, әрі пайдалы болуы керек. Өз қолыңмен жасағаннан кейін, адамдардың осы нанға көңілі толды ма, ұнады ма, деген сауалдар мен үшін өте маңызды. Жалпы, бізде бір күннің ішінде бір нан түрі бітіп қалып, бірнеше рет пісірілетін жағдайлар жиі болып тұрады. 

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Алғашқы мамандығы бойынша мұғалім болған Айгерім, бұл саладағы бірінші қадамын пицца пірісуден бастаған екен. Бүгінгі таңда ол нан-тоқаш өнімдерінің жүз шақты түрін еркін пісіре алады. Ол үшін арнайы оқу курстарынан да өткен.

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны (фоторепортаж)Астана наны (фоторепортаж)

Астана наны міне осындай: әрі пайдалы, әрі дәмді!


Материалды әзірлеген - Қаламқас НҰРМАҚОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға