Жаңалықтар

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына енген Индустриалды парк аумағында 21 өндіріс орыны жұмыс жасауда.
29.09.2015 07:54 6642

Бүгінгі таңда «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына енген Индустриалды парк аумағында 21 өндіріс орыны жұмыс жасауда. Ресми деректерге сүйенсек, кәсіпорындарда 2290 жұмыс орны ашылған. Астана қаласының әкімдігі «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасы мамандарының айтуынша, жыл аяғына дейін «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аумағындағы №1 индустриялдық паркінен тағы 6 кәсіпорын бой көтермек. Біз бүгін парк аумағында ашылған шыны өңдейтін екі зауыттың жұмысымен танысып көрдік.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

«Стеклянный Дом» ЖШС

Аталмыш кәсіпорын өз қызметін 2008 жылдың 30 шілдесінен бастап жүргізе бастаған. Бүгінгі таңда зауытта триплекс, сауытты шыны, баспалдақ, шарбақ, шыныдан жасалған баспалдақ шетінің қоршаулары, шыныдан жасалған террасалар мен балкондарға ранлаған қоршаулар, шыны қалқалар, кеңеселік, сауда және үйге арналған бүтін шыныдан жасалған аралықтар өндіріледі. Кәсіпорын ашылғаннан күннен бері 300 млн қаражатты құрайтын өнім шығарылған.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Ризат ОРАЛОВ, құрастырушы маман

Біздің кәсіпорынға өнім дайын күйінде келеді. Шыныны өңдейміз, кесеміз, оны тазалаймыз. Арнайы станокпен шынының шеттерін өңдеп, тапсырыс берушінің қалауына қарай дизайнын жасаймыз. Бізде шының  бірнеше түрі бар, оны техникалық түрде өңдеп, көп мақсатта қолданамыз.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Кәсіпорынның келесі бір ерекшелігі – мұнда шыныға сурет басып шығаратын станок жұмыс жасайды екен. Сондай-ақ дәл осы зауытта бірнеше қабаттан тұратын берік, сауытты шыны өндіріледі. Ондай шыны түрін көп жағдайда тұтынушылар қауіпсіздік мақсатында тапсырыс берсе, енді біреулер үйіне дизайны келіскен баспалдақ орнату мақсатында алады екен.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Зауыт қазіргі таңда 50 шақты маманға жұмыс орынын беріп отыр. Шыны Чехия, Болгария, Қытай секілді елдерден әкелінеді.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

«КСС Астана» ЖШС шыны қайта өңдейтін зауыт

Зауыт қауіпсіз құрылыс материалдарын қолдану жөніндегі техникалық регламенттерді сақтау және энергия үнемдеу жөніндегі үкіметтік бағдарламаны қолдау аясында салында. Кәсіпорын қытымыр қыста ғимараттарда жылу сақтап, энергия үнемдейтін және ыстық маусым айларында желдетуді үнемдейтін шыны өндіреді.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Зауыттың басты ерекшелігі – қауіпсіз шыны шығарады. Шыны сынған жағдайда ешқандай кесіп кететін қырлары жоқ дөңгелек пішінді бөліктерге бөлініп кететін, термикалық өңдеуден өткен шыны.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Ануар Алдамұратов, «КСС Астана» ЖШС бас директоры

Зауыт 2014 жашылды. Бүгінгі таңда айына 15-20 шаршы метр шыны өндіреміз, сонда жылына 300-400 шаршы метр өнімді құрайды. Қазіргі уақытта біз халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған аумақтағы  маңызды нысандарға қолданылатын шыны өндірудеміз. Сонымен қатар «Абу-даби плаза» кешені толықтай біз өндірген шынымен қапталатын болатын. Аталмыш құрылыс нысанына арналған тапсырысты орындаудамыз. «100 жылдық аллеясы», «Мәңгілік ел», «Тұран», «Жасыл қала» жобалары аумағында біздің өнімдеріміз қойылуда. Бүгін біз Назарбаев университетінің куполына арналған шыныны дайындап қойдық.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Ануар Алдамұратовтың айтуынша, зауыт өнімдері Ресей, Қырғызстан елдеріне экпортталады. Елімізде шыны зауытына арналған мамандарды оқытатын мамндық пен мекемелер жоқ болғандықтан зауыт басшылығы жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерді алдымен екі ай оқытып, кейін аттестациядан өткізеді. Мамандығын жақсы меңгерген жұмысшылар оператор болады.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат

Зауыт Австрия, Италия, Германия, Финляндия секілді елдердің замануи автоматтандырылған құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Еліміз бойынша тек осы зауытта ғана рамканы майыстыратын білдек жұмыс істейді. Сондай-ақ кәсіпорында шыныны жоғары температура мен қысымға төзімді етіп өңдейтін «ХитСокТест» пеші бар. Мұндай аппарат тек осы зауытта ғана бар екенін айта кеткеніміз абзал.

Астана қаласындағы шыны өңдейтін кәсіпорындарға саяхат


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға