Жаңалықтар

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

Астана қала күніне дайындығын арттырды.
30.06.2015 06:04 6633

Астана қала күніне дайындығын арттырды. Қаланы гүл көмкеріп, кейбір ғимараттардың қасбеттері ерекше түстерге бөленіп жатыр. Егер қаланы аралап көрсеңіз, қала күні қарсаңындағы қызу дайындықты анық байқайсыз.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

Астана күні бірнеше күнге созылады. Шілденің 4-5 және 6-сы күндері Астанада өтетін шаралардың тізімі жақында сайтымызда жарық көрді.

Қала көшелерінде ашық түсті гүл аркалары, гүлді шарлар және басқа да мерекелік композициялар орнатылды. Сонымен қатар, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының сырты да безендірілді. Аудандарда жарық динамикалық паннолар мен  түрлі-түсті жарықтандыру орнатылып, шағын архитектуралық пішіндер саябақтар мен шағын бақтардың көркін келтірмек.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

«Есіл» ауданында «Арай» саябағын, Ғашықтар саябағын, «Астаналық цирк» шағын бағын, «Астана Опера» мемлекеттік опера  және балет театры алдындағы бақтарды безендіру жұмыстары аяқталды. «Хан Шатыр» СОО қарама-қарсы жер асты жолында жарықтар қойылып, «Астана Опера» театрының алдындағы көпір мен Орынбор көшесінің бойы және «ҚазМұнайГаз» жаяу жүргіншілер көпірі әсемделді. «I Love Astana»  композициялары Есіл өзенінің жағалауында, Астаналық саябақта және Астана халықаралық әуежайы аумағында орнатылды.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

«Жан Жүрегім Астана» шағын архитектуралық формалары «Астана Опера» театрының алдында, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында және «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының қасында орнатырылды.  «Я люблю Астану» композициялары  Сығанақ көшесі мен Бейсекова көшесінің қиылысына қойылды.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

Сондай-ақ, Астана күніне дайындық шеңберінде аудандарда санитарлық тазарту,бүлінген абаттандыру элементтерін қалпына келтіру, саябақтар мен көшелердегі және сәндік жарықтандыруларды тексеру жұмыстары қолға алынды.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

«Алматы» ауданында 20-дан астам жарық-динамикалық панно орнатылып, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, Абылай хан даңғылы, Тәуелсіздік даңғылындағы көпірлер мен Қараөткел көпірі, Бараев көшесіндегі көпір безендірілді. 375 панелькронштейн қойылды.

Астана қала күні қарсаңында құлпыра түсті (ФОТО)

«Сарыарқа» ауданында Рэдиссон қонақ үйінен Самал шағын ауданына дейін Есіл жағалауына банерлер ілінді. Конгресс-холлдың алдына «Одуванчик» мерекелік композициясы, «Жастар» сарайының алдында «Беседка» инсталляциясы орнатылды. Теміржол вокзалының алдында, Есенберлин мен Бейбітшілік көшелері қиылысында және дөңгелек алаңда «Я люблю Астану» шағын архитектуралық пішіндері бар.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға