Футбол федерациясы

"Астана" - "Зимбру" матчы тең есеппен аяқталды

24.07.2025 22:24

Елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Молдовалық «Зимбру» ұжымына қарсы «Астана Аренада» өткен матч тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Елордада өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен алаң иелері есеп ашты, дәл соққы авторы Иван Башич. Алайда қонақтар көп ұзамай таразы басын теңестіріп үлгерді, гол авторы — Гай Дахан. 

Айта кетсек, қарымта матч 31 шілде күні Молдова астанасы Кишинёв қаласында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде «Вардар» (Солтүстік Македония) мен «Лозанна» (Швейцария) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.