Астана жастары шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті
Астанада самбодан ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Додада елорда жастары шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Байрақты бәсекеде Астана жастарының жергілікті спортшыларды қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды.
Әкімдіктің мәліметінше, жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдауы мен ыстық ықыластары залды дүбірлетен.
Біз беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз”, - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.
Айта кетейік, ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты 9 қарашада басталған болатын. Қазақстанда осымен екінші рет ұйымдастырылған спорттық додада 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады.