El.kz/Ынтымақ Толқын

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

04.05.2025 12:55

Астанада халықаралық деңгейдегі ірі кинологиялық шара «Astana Winner – 2025» көрмесі және ұлттық асыл тұқымды тазы иттеріне арналған монокөрме «Қазақы Тазы» шоуы өтті. Бұл маңызды іс-шараны Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен және шетелдерден келген 400-ге жуық түрлі тұқымдағы ит қатысты. Олардың арасында жетекші питомниктер мен танымал селекционерлер бар. Қатысушылар көрмеге үздік иттерін алып келіп, төрешілердің бағасына ұсынды. Ринг төріндегі төрелікті Қазақстан, Жапония, Сербия және Латвия елдерінен шақырылған халықаралық дәрежедегі сарапшылар берді.

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

Көрменің аясында қазақтың ұлттық мақтанышы саналатын тазы тұқымына арналған «Қазақы Тазы» монокөрмесі өтті. Бұл іс-шара тазыны әлемге таныту мен ұлттық мұра ретінде дәріптеу жолындағы маңызды қадам. Айта кету керек, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Амстердам қаласында өткен Халықаралық кинологиялық федерациясының (FCI) Бас комитеті тазыны алдын ала тану туралы және Қазақстанды оның стандартын ұстаушы ел ретінде бекіту жөнінде тарихи шешім қабылдаған болатын.

Бұл жыл сайын өтетін халықаралық көрме. Соның аясында осы монокөрме де ұйымдастырылған. Оған елдің әр аймағынан 50-ге жуық тазы қатысты. Сондай-ақ, көрші Қырғыз елінен де келген қатысушымыз бар. Бүгінгі көрменің маңызы зор. Себебі, біздің тазыны әлемге танытып, мойындату жолындағы нық қадамдардың бірі деп айта аламын. Өздеріңіз білетіндей, қазақтың тазы тұқымы былтыр алдын ала мойындалған болатын. Енді соны толық мойындатуға кем дегенде он жыл уақыт беріледі. Тіпті он бес жылға кетіп қалуы да мүмкін. Себебі, оның барлығы өзімізге байланысты. Қазақы тазыны біздің ел қалай дамытады, оның тұқымын қалай өрбітетініне баға беру арқылы және шетелдіктерден сұраныстың арту көрсеткішіне байланысты толық мойындалады, – деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

Осы көрмеге шетелден арнайы шақырылған төрешілер қазақы тазының танымалдылығын арттыру жолындағы кеңестерімен де бөлісті.

Шетелдік төрешілер не дейді?

Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Халықтың қонағжайлылығына ризамын. Оның үстіне осы көрмеде қазақтың тазысын бірінші рет көріп таңданып тұрмын. Бұндай тұқымды итті екінің бірі көре алмайды. Төреші болып жүрген менің өзім бірінгі рет көруім. Сондықтан оның танымалдылығын арттыру жолында көп жұмыстар атқарылуы тиіс. Себебі, әлемде осындай асыл тұқымды иттің бар екенін екінің бірі біле бермейді. Мәселен, біздің елде текті тұқымды иттердің танымалдылығын арттыру үшін оны танымал адамдарға беріп, жарнамасын асқақтатады. Қазақстанға да дәл солай жасау керек деп ойлаймын. Ел президентіның Франция басшысына тазы сыйлағанын естіген едім. Бұл қазақы тазыны әлемге таныту жолында өте дұрыс жасалған қадам деп білемін. Өйткен, соның арқасында тазы тұқымын біраз елдің тануына себеп болды. Франциялық көптеген басылымдар осы оқиғаны жарыса жазған еді. Ал осы тұқымды тек өз елдеріңізде ғана біліп, оның танымалдығын арттыруға күш салмасаңыздар оның мойындала қоюы екіталай. Бүгін жолым сіздердің елге түсуінің арқасында осы тамаша тұқымды өз көзіммен көріп, жақынырақ тануға мүмкіндік алып отырмын, – деді Сербия елінен келген Халықаралық дәрежедегі төреші Dalibor Antic.   

Кез-келген ит тұқымының, әсіресе ұлттық ит тұқымының әлемге танылуы үшін күресудің маңызы зор. Иттің физикалық және психологиялық жай-күйін назарда ұстап баптай білу керек, – деді Жапон елінен келген Халықаралық дәрежедегі төреші Satoshi Bessho.  

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

Аталған көрмеде елдегі ең үздік тазы тұқымы да анықталды. Оның иесі Астаналық ветеринар Ануар Әлжан.

Ит баптап, көрмелерге қатысып жүргеніме он екі жылдың жүзі болды. Бүгінгі тазы тұқымының монокөрмесіне екі итімді алып келдім. Екеуі де үздік деп танылды. «Азат» есімді тазым күшіктер арасында бірінші болса, «Айва» есімді итім қазақы тазылар арасында ең үздігі атанды. Бұл мен үшін өте үлкен жетістік. Себебі, бұл көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен тазы баптаушылар келді, – деді көрме жеңімпазы.

Бұл көрменің тағы бір ерекшелігі текті анықтамасы жоқ иттердің иелері өз иттерін тексертіп, өлшету мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, олардың иттері халықаралық үлгідегі алғашқы (тіркеу) тектілік куәлігін алды.

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

«Astana Winner – 2025»: «Қазақы Тазы» монокөрмесі қалай өтті?

Суреттер: Ынтымақ Толқын / El.kz