Astana велокомандасы Португалиядағы жарысқа қатысатын құрамын жариялады
10.02.2024 08:16
Фото:
Astana Qazaqstan Team
Astana Qazaqstan Team командасы Португалияда өтетін екі жарысқа қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда клубы 10 ақпанда өтетін «Фигейра Чемпионс Классик» бір күндік жарысында, сонан соң 14-18 ақпан аралығында өтетін «Вольта Алгарве» көпкүндігінде бақ сынайды.
Ал жарыстарға қатысатын құрам мынадай: Самуэле Баттистелла, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Кристиан Скарони, Симоне Веласко және Astana Qazaqstan Development Team rider шабандозы Макс Уолкер.
Жарыстың спорттық директоры: Стефано Занини мен Джузеппе Мартинелли.

