Жаңалықтар

Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Фото: El.kz 29.06.2023 20:03 656

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Red Wings әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау Sukhoi Superjet-95 типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Бұдан бөлек Алматы-Сочи бағыты бойынша да тұрақты рейстер қайта ашылатынын жазғанбыз

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға