Астана тұрғынына Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.03.2023 11:52
941
Астанада өтіп жатқан "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы аясында қала тұрғынына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Қайырымдылық акциясы аясында еріктілер мен белсенділер халықтың әлеуметтік осал тобы – көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттілігі бар жандардың, зейнеткерлердің өтініші мен тілегін орындауға көмектеседі.
Акцияға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған. Астана тұрғыны хатында тонометр сұраған. Президент әйелдің тілегін орындады.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Тоқаевтың атынан тонометр табыс етті. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетілді, санаторийге жолдама беріледі.
Гүлжахан Сыдықова президентке және "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші айналымына өтті