Жаңалықтар

Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан

Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан
Фото: Видеодан кадр 31.01.2024 11:09 785

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен акцизделетін тауарларды ірі көлемде, атап айтқанда электрондық темекі шегу құрылғыларына (вейп) арналған сұйықтықтарды  өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан адамның заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех ұйымдастырғаны анықталды.

Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының Вейпшоптарына сатқан.

Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 млн теңгеден асқан.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы (вейп), хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға