Жаңалықтар

Астана тұрғыны өз бақшасында қарасора өсірген

Астана тұрғыны өз бақшасында қарасора өсірген
Фото: © Polisia.kz 05.10.2023 17:15 742

Елорда тұрғыны өз бақшасында қарасора өсірген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сарыарқа ауданы ПБ ЖПҚБ-нің учаскелік инспекторы өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтаған.

Полицейлер бау-бақша учаскесін тексеру нәтижесінде ерекше иісі бар жасыл өсімдіктің өсіп тұрғанын көрген. Ер адам құрамында есірткі бар өсімдікті бақшаға отырғызып, мұқият қарап, су құйып, ерекше күтіммен қарағаны белгілі болған. Тексере келе полиция қызметкерлері барлығы 17 түп бұтаны тәркілеген.

Одан әрі үй аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстарын тексеру барысында қапқа оралған өсімдіктердің кепкен бұталары анықталып, олар да алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл өсімдік қарасора екені анықталды. Өсімдіктің жалпы салмағы 2 келіден астам.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға