Жаңалықтар

Астана сотында Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралады

Астана сотында Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралады
Фото: nurtasadambay / Instagram 01.08.2024 11:12 691

Қазақстандық актер, шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот кабинетінде айтылғандай, Нұртас Адамбайға ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда, айыптау ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, ғимараттарды ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты.

Мұндай бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғалар үшін 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Іс бүгін, 1 тамызда қаралады. Отырыс WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция ретінде онлайн өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға