Астана-Щучье тас жолындағы жол апаты: 9 адам ауруханаға жатқызылды
03.01.2025 23:17
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Астана-Щучье тас жолындағы жаппай апаттан кейін медициналық көмекке 20 адам жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендер үш ауруханаға Ақкөл, Бұланды аудандық ауруханаларына және "Авиценна" ЖШС-ға жеткізілді. 9 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 бала бар. Қалған 11 адам тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Барлық зардап шеккендерге соғылу және сүйек сынығы диагнозы қойылған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

