Жаңалықтар

Астана Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған жәрмеңкесі өтіп жатыр
16.09.2023 13:51 811

Астанада демалыс күндері ҚазҰӨУ ғимаратының алдындағы алаңда Қызылорда облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда өңірінде өндірілетін отандық өнімді қолдау мақсатында жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарларының арнайы көрмесі өтуде. 50 жүк көлігімен 60-қа жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қызылорда облысынан Астанаға жалпы сомасы 200 миллион теңге болатын 500 тонна өнім әкелген.

Жәрмеңкеде 135 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тонна көкөністер мен жемістер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер бар.

Сондай-ақ жәрмеңке алаңында Қызылорда әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Жәрмеңкедегі бағалар әдеттегідей нарықтан арзан екені айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға